fbpx

KZ

2023 жылғы 22 шілдеде жедел медициналық жәрдем бригадасы жол-көлік оқиғасы орнынан ер адамды Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізді.

Кезекші дәрігерлердің қарап-тексеруінен кейін зерттеп-қаралды және жедел түрде реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Пациентке бас миының жарақаты, 8 қабырғаның көптеген сынуы, жамбас сүйектерінің, омыртқалардың жарақаты, жіті қан кетумен ауыр травматикалық шок диагнозы қойылған.

Жергілікті жерде жедел араласу мүмкіндігінің жоқтығын, қайталама қан кету ықтималдығына байланысты жерүсті көлігімен тасымалдау тәуекелі болуын ескере отырып, 1 тамызда пациент жай-күйі тұрақталғаннан кейін медициналық авиация бортымен қажетті операция жасалатын Павлодар қаласының қалалық ауруханасына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba