fbpx

KZ

Пациент 2023 жылдың 22 маусымында «Шымкент жүрек орталығына» жүрек жұмысының үзілуіне, жүрек соғысы жиілігінің жоғарылауына, көздерінің қараюына шағымданған жүктіліктің 13-ші аптасындағы жас әйел келіп түсті. Дерттің бұлай қозуы алғаш рет анықталды.

Аритмолог қарап-тексерді, консилиумның шешімі бойынша реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Жүктіліктің болуын ескере отырып, қарқынды терапия жүргізілді, бірақ консервативті емдеу оң нәтиже бермеді.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың бас аритмологымен бірнеше рет телефон арқылы консультация өткізілді. Консилиум өткізілген соң пациентті хирургиялық араласу үшін республикалық клиникаға ауыстыру ұсынылды.

Жүрек жеткіліксіздігінің қарқынды дамуын, жүктілікті, өмірге қауіп төндіретін тахикардияның жиі гемодинамикалық ұстамаларын, кенеттен жүрек тоқтауының жоғары қаупін ескере отырып, пациент медициналық авиация бортымен Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа жеткізілді.

Құрметті оқырмандар! Бұл сипаттағы патологиялар кенеттен өлім қаупімен қауіпті. Жүрек ырғағы бұзылған жағдайда дереу білікті медициналық көмекке жүгінуіңізді сұраймыз!

FaLang translation system by Faboba