fbpx

KZ

Бұл бағдарлама бойынша оқыту жаңа туған нәрестелерді реанимациялаудың негізгі дағдыларына бағытталған. Курс білім алушыларға реанимациялық іс-шаралар алгоритмдерін жүйелеуге және жаңа туған балаларға арналған дозаларды ескере отырып, дәрілік заттарды қолдану ережелерін зерделеуге мүмкіндік береді. Топтық жұмыс және тиімді қарым-қатынас дағдыларына көп көңіл бөлінеді. Әрбір білім алушы ауыр халдегі жай-күйлерді модельдеу кезінде көшбасшы рөлін атқара отырып, команданы басқару дағдыларын пысықтайды.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері қызмет барысында неонатальды пациенттерді жиі тасымалдайды, жүрек соғу жиілігін, тыныс алуын бақылайды, олардың қан қысымы мен дене температурасын үнемі өлшейді. Медициналық авиацияда жұмыс істейтін мамандар әр нәрестенің өмірі үшін барын салады және маңыздылығын жоғары бағалайды.

Біздің мамандарды үздіксіз оқыту шұғыл  жай-күйдегі пациенттерді қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba