fbpx

KZ

Жедел медициналық жәрдем бригадасы жол-көлік оқиғасы салдарынан жамбас сүйектерінің қатты ауырсынуы, аяқ-қолдарындағы қозғалыстың шектелуіне шағымданған әйелді ауданның Т. Рысқұлов атындағы орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

Жай-күйінің ауырлығына байланысты реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Пациентке бірнеше жерден алған жарақат, екі жақ жамбас сүйегінің сынуы диагнозы қойылған.

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігерлерімен телемедициналық консультация өткізілді, пациентті облыстық деңгейдегі ауруханаға ауыстыру ұсынылды.

Шұғыл жағдайды, жедел емдеу қажеттілігін ескере отырып, пациент тікұшақпен реаниматологтің  және травматологтың алып жүруімен қалалық клиникаға жеткізілді, онда пациентке одан әрі медициналық көмек көрсетіледі.

FaLang translation system by Faboba