fbpx

KZ

2023 жылғы 17-19 мамыр аралығында Алматы қ. Өкілдіктің медициналық авиацияның мобильдік бригадасы үшін тыныс алу терапиясына инотропты қолдау көрсету, қышқыл-негіз жағдайын талдау, жолаушыларды жер үсті және әуе жолдарымен тасымалдау, дәрілік препараттарды есептеу тақырыптарында оқыту жүргізілді.
Осы тақырыптар бойынша оқыту препараттардың көмегімен респираторлық қолдау алгоритмін меңгеруге, жер үсті және әуе жолдарымен тасымалдау кезіндегі барлық оң және теріс тұстарды, сондай-ақ пациенттерді тасымалдауға көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдерді зерделеуге мүмкіндік береді.
Көшпелі мастер-классты нұсқаушы - дәрігер, ҰШМҮО Оқыту-тренингтік орталығының жетекшісі Ағыбаев Ғұмырбек Рахымбекұлы өткізді, ол BLS, ACLS, PALS, PHTLS (MAGEN DAVID ADOM, Israel) бойынша провайдер және нұсқаушы сертификаты және Израильдің жаңа туған нәрестелерді реанимациялау жөніндегі (NRP) медициналық орталығының нұсқаушысы халықаралық сертификаты бар.
Өз кезегінде Алматы қаласындағы Өкілдіктің қызметкерлері алғысын білдірді.

FaLang translation system by Faboba