fbpx

KZ

Жедел медициналық жәрдем қызметкерінің күні ТМД елдерінде жыл сайын 28 сәуірде атап өтіледі.

Біздің бригадалар күн сайын ауыр халдегі  адамдарға білікті медициналық көмек көрсету үшін шақыруға асығады. Бұл күні біз жедел жәрдем қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін құрмет пен мол ризашылығымызды білдіреміз.

ҚР Жедел медициналық жәрдем қызметі ҚР азаматтарына, республикамыздың аумағындағы шетел азаматтарына да шұғыл медициналық көмек көрсете отырып, жыл сайын 7-ден 8 миллионға дейін шақыруды орындайды.

Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық жәрдем қызметінің дамуына ерекше назар аударады.

Бүгінгі таңда республикада жедел медициналық жәрдем қызметі 20 дербес станциямен, 103 қалалық қосалқы станциямен және 288 аудандық бөлімшемен ұсынылды.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды!  Сіздерге зор денсаулық және жұмыстарыңызға табыс тілейміз! Мереке құтты болсын, бейбіт заманның ақ халатты батырлары!

FaLang translation system by Faboba