fbpx

KZ

Пациент 14 сәуірде жүрек ауруы, ентігу, қақырықпен жөтелге шағымдана отырып Маңғыстау облыстық ауруханасына жүгінді.

Әйел - бірінші топтағы мүгедек. Жүрек жеткіліксіздігі бойынша бірнеше рет операция жасалған. Донорлық жүрек трансплантациясын күту парағында тұр. Қазіргі уақытта жүрек бұлшықетінің жұмысын имплантацияланған механикалық қан айналымын қолдау аппараты орындайды. Ауыр тұқым қуалайтын анамнез бар.

Пациенттің жалпы жай-күйі жүрек және тыныс алу жеткіліксіздігінен зардап шегуде.

Үдемелі жүрек жеткіліксіздігін ескере отырып, пациент медициналық авиация бортымен жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba