fbpx

KZ

1943 жылы туған әйел «бірнеше миелома» диагнозы қойылған жеке түрік клиникасында емделіп жатқан. Пациентте көптеген органдардың жеткіліксіздігі, тыныс алу бұзылыстары орын алды. Қазіргі уақытта жай-күйі ауыр, әйел ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Пациент – Қазақстан Республикасының азаматы екенін назарға ала отырып, оның туыстарының өтінімі бойынша белгіленген рәсімдер шеңберінде оны медициналық авиация желісі арқылы өз еліне тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселе қаралды.

Одан әрі медициналық көмек алудың шұғыл қажеттілігіне байланысты пациентті ұшақпен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылданды.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 18 сәуірде пациентті халықаралық тасымалдауды ұйымдастырды. Жол бойы ол медициналық авиацияның мобильдіr бригадасының үздіксіз бақылауында болды.

FaLang translation system by Faboba