fbpx

KZ

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған қызды жедел медициналық жәрдем бригадасы Шетпе ауылындағы ауруханаға жеткізді. Кезекші дәрігерлер қарап-тексерді, қажетті зерттеп-қарау жүргізілді, содан кейін жай-күйінің ауырлығы бойынша 2023 жылғы 31 наурызда Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына медициналық авиация желісі арқылы тасымалданды. Қабылдау бөлімшесінде реаниматолог қарап-тексерді, жай-күйінің ауырлығы бойынша қарқынды терапия, реанимация және анестезиология бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Пациенттің жай-күйі жарақат пен шок салдарынан ауыр. Қызға өкпенің зақымдануы, мидың соғылуы, науқастың өміріне қауіп төндіретін омыртқаның көптеген жарақаттары деген диагноз қойылды.

Жұлынның ауыр жарақатын, неврологиялық симптоматикасын, пациенттің жасын ескере отырып, облыстық аурухананың қабырғасында жүргізілмейтін жедел емдеу жүргізу үшін пациентті медициналық авиация желісі арқылы «Ұлттық нейрохирургия орталығына» ауыстыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

2023 жылғы 13 сәуірде медициналық авиацияның мобильдік бригадасы пациентті тұрақты ауыр жай-күйде Астана қаласының «Ұлттық нейрохирургия орталығының» Балалар нейрохирургиясы бөлімшесіне тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba