fbpx

KZ

1952 жылы туған әйел 1 сәуірде денсаулығының нашарлауын сезді: кеуде тұсының ауырсыну, жүрек айнуы, құсу пайда болды.  2 сәуірде есінен танып қалып, қолдар мен аяқтардың дірілі пайда болды, қысымы төмендеді.

Жедел медициналық жәрдем бригадасымен көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді, кезекші терапевт, хирург реаниматологпен бірлесіп қарап-тексеру жүргізілді.

Шұғыл көмек көрсетілді, жай-күйі тұрақталғаннан кейін зерттеп-қаралды, хирургиялық патологияны жойды. Пациент жүрек орталығына қайта жіберілді. Зерттеп-қарау жүргізіліп, аорта қабырғаларының ұлғаюы және жұқаруы анықталды.  Жай-күйінің ауырлығы мен гемодинамиканың тұрақсыздығына байланысты қарқынды терапия палатасына ауыстырылды.

Аортаның абдоминальдік бөлігінің компьютерлік томографиясы шұғыл түрде жасалынып, оның қабыршықтануы және ықтимал жыртылуы анықталды.

2022 жылы анамнез тарихынан ми қанайналымының жіті бұзылулары орын алған, артериялық гипертониясы бар.

Пациенттің өміріне төнетін қауіп-қатерге, жергілікті жерде жедел емделудің мүмкін еместігіне байланысты шұғыл жағдайға байланысты 2023 жылғы 3 сәуірде әйелді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа (ҰҒКО) тасымалдау үшін медициналық авиация борты көтерілді.

ҰҒКО реанимациялық бригадасының алып жүруімен тұрақты ауыр жай-күйдегі пациент республикалық клиникаға жеткізілді, онда маңызды операция жасалынады.

Аорта – бұл адам ағзасындағы ең үлкен артерия, ол арқылы қан жүректен адамның барлық басқа мүшелеріне жететінін атап өтеміз.

Аневризманың болуы аортаның жарылу қаупімен және өмірге қауіпті қан кетудің пайда болуымен байланысты екенін есте ұстағанымыз жөн.

Егер кеуде аортасының аневризмасы жарылып кетсе, пациенттердің тек 20-30% - ы ауруханаға тез жеткізілгенде ғана аман қалады. Сондықтан аорта аневризмасының пайда болуының ерте кезеңдерінде емдеуді тану және бастау маңызды. Тек ерте хирургиялық араласу науқастардың едәуір бөлігін құтқаруға мүмкіндік береді .

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз! Уақтылы зерттеп-қараудан өтіп, дәрігерлерге уақытында қаралыңыз!

 

FaLang translation system by Faboba