fbpx

KZ

Бүгін жұмыс сапары аясында ҚР ДСМ аппаратының басшысы Б.С. Әбділдин және ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А. Қ. Дүйсенов ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҰШМҮО) базасына барып, орталықтың жұмысымен танысып, медициналық блок пен Ахуал орталығын аралап шықты.

Кездесуде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Батырбек Әбділдин халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында медициналық авиация және жедел медициналық көмек қызметін дамытудың басымдылығын атап өтті. Сондай-ақ, ҰШМҮО-ның жаңадан тағайындалған медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Ержан Боранбайұлы Әділбековті таныстырып, жемісті жұмыс тіледі.

Кездесу барысында ҰШМҮО жұмысының негізгі бағыттары айтылды, медициналық авиация, жедел медициналық көмек және қашықтықтан  көрсетілетін медициналық қызметтер мәселелері тыңдалды.

Сонымен қатар, жедел медициналық жәрдемнің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талқыланды.

Кездесу соңында ҚР ДСМ Аппарат басшысы Әбділдин Батырбек Сұлтанұлы бірқатар тапсырмалар беріп, ҰШМҮО ұжымына нақты және үйлесімді жұмысы үшін алғысын білдірді!

FaLang translation system by Faboba