fbpx

KZ

2023 жылғы 22 наурызда Арқалық өңірлік ауруханасында қыз дүниеге келді.

Баланың босану кезіндегі жай-күйі босану кезіндегі асфиксияға, ұрықтың ірілігіне, жатырішілік инфекцияға байланысты ауыр. Сәбиге реанимациялық шаралар, жанама жүрек массажы жасалынды.

Туылғаннан соң 5 минуттан кейін бала жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды.

Жай-күйдің шұғылдығын, пациенттің шақалақ екенін, медициналық жабдықтың жоқтығын, ауданның облыс орталығынан қашықтығын, аппараттық оттегімен қамтамасыз етілген тыныс алу функциясының аяқ асты өзгеруін назарға ала отырып, баланы 2023 жылғы 29 наурызда медициналық авиация бортымен реаниматолог дәрігердің алып жүруімен Қостанай облыстық ауруханасының жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесіне тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba