fbpx

KZ

Павлодар облысының медициналық авиация бөлімшесінің қызмет көрсету аймағына 9 аудан кіреді. Қызметтің негізгі міндеті - "ауыр халдегі" пациентті қарапайым жедел жәрдем көлігімен тасымалдау мүмкіндігі болмаған жерде-ауданның облыс орталығынан алыс орналасқан жолсыз жағдайда көмекке келу.

2022 жылы Павлодар облысының өңірлік медициналық авиация бөлімшесі бір жыл ішінде әуе көлігімен 134 ұшу орындады, 136 пациент тасымалданды. Жерүсті көлігімен 218 шығу орындалды, оның 176-сы облыстың медициналық мекемелеріне тасымалданды.

Жоғары білікті мамандар орнында 20 операция жүргізді, шұғыл пациенттерге 37 бетпе-бет консультация және 109 қашықтықтан медициналық қызмет ұйымдастырылды.

Ұшу және шығу АН-2 ұшағы, ЕС-145 тікұшағымен және 3 реанимобиль көлігімен орындалады, олардың біреуі неонатологиялық медициналық көмек көрсету үшін толық жабдықталған.

Тек 2022 жылы жаңа туған нәрестелерге көмек көрсету үшін 52 өтінім орындалды, бұл балаларға медициналық авиация қызметі арқылы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығы мен уақтылығын көрсетеді.

Шала туылған нәрестелер мен салмағы аз немесе жалпы жай-күйі ауыр жаңа туған нәрестелерді тасымалдау әрқашан бірқатар қиындықтарды тудырады. Бірақ Павлодар облысында оны облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының штаттық дәрігер-неонатологы, өз ісінің кәсіби маманы Д. А. Пильцов орындайды.

Өткен жылы 30 қызметкер «Ұшу физиологиясы» курсының бағдарламасы бойынша оқудан өтті, 3 жүргізуші «Қауіпсіз жүргізу. Қиын жағдайларда көлік жүргізу. Базалық реанимация (BLS)»  курсын оқыды.

 

 

FaLang translation system by Faboba