fbpx

KZ

Қостанай облысы бойынша 2022 жылы медициналық авиацияның мобильдік бригадалары медициналық авиацияның 64 ұшу, жерүсті көлігімен 264 шығу орындады.

Медициналық қызметтердің көп бөлігі – жаңа туған нәрестелер патологиясы және акушерлік патологиясы бар пайиенттерге көрсетілді. 

 Ұшулардың ең көп үлесі шалғай аудандарда: 30 ұшу - Арқалық қаласында (420 км) орындалғаны байқалады. Шығулардың ең көп үлесі Рудный қаласында – 38, Жітіқара аудандық ауруханасында – 38, Лисаков қаласында – 29 орындалды.

 Барлығы 267 пациент тасымалданды.  Орнында - 23 пациент консультация алды, олардың көпшілігі жаңа туған нәрестелер мен балалар жасындағы патологиясы бар балалар. 14 операция жасалды (нейрохирургиялық -12, жалпы хирургиялық -2). Қашықтықтан медициналық қызметтер орындалды – 79.

Медициналық авиацияны шақырудың негізгі себебі бейінді мамандардың болмауы, пациенттерді қосымша қарап-тексеруге арналған медициналық жабдықтардың болмауы, шала туылған нәрестелерді күту, кейбір аудандардағы құрлықтағы көлік магистральдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы болып табылады.

Ауданаралық ауруханалардың мамандары тұрақты негізде облыс орталығының бейінді консультанттарымен өзара іс-қимыл жасайды, онлайн-консультациялар ұйымдастырады, бұл пациенттердің асқыну қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Қостанай облысының медициналық авиация қызметі өз өңірінің тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуде тұрақты бекетте табылады!

FaLang translation system by Faboba