fbpx

KZ

Жыл сайын бұл мереке еліміздің азаматтары үшін жоғары маңызға ие болып келеді.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын үлгісі, оның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет пен достық сезімін тәрбиелеу, Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту.

Толеранттылықтың, өзара сыйластықтың арқасында бүгінде Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері бірге өмір сүріп, бірлігі жарасқан және біртұтас халыққа айналды. Бүгінде бұл Қазақстандағы мемлекеттік этносаясаттың сенімді негізін құрайтын басты артықшылығымыз.

Бұл күні Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ұжымы барша қазақстандықтарға қуаныш, жылулық, амандық және бейбіт аспан тілейді. Алғыс айту күні біздің қоғамдағы сенімділікті, келісімді және достықты одан әрі нығайта берсін!

FaLang translation system by Faboba