Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық авиация жұмысының ерекшеліктері таулы жер, асулар, серпентиндер, ірі су алаптары, сондай-ақ жыл бойы температураның -40-тан + 40-қа дейінгі ауытқуы бар күрт континенталды климат болып табылады.
2022 жылы медициналық авиацияның мобильдіr бригадалары 171 ұшуды орындады, 184 пациентке медициналық көмек көрсетілді. Медициналық ұйымдарға 180 пациент тасымалданды, орнында 2 операция жүргізілді, 2 бетпе-бет консультация ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, медициналық авиация қызметінің жерүсті санитариялық көлігі 77 рет шығу орындады, 81 пациентке көмек көрсетті, оның ішінде: 32 пациент тасымалданды, 10 операция жүргізілді, 39 бетпе-бет консультация өткізілді.
2022 жылы аймақта нозология бойынша бірінші орында балалар жасындағы патология тұр. Екінші орынды жарақаттар, жазатайым оқиғалар мен уланулар алады. Үшінші орында акушерлік практикадағы кезек күттірмейтін жай-күйлер.
Шығыс Қазақстан облысының медициналық авиация қызметінде өңір тұрғындарына уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін автокөліктер, медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті саны бар.