fbpx

KZ

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасын, Астана қаласының 2021-2025 жылдарға арналған Дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының қызметкерлері «Астана қаласындағы «АQNIET» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалы ұйымдастырған шаңғы біріншілігі бойынша Астана қаласының Денсаулық сақтау ұйымдары арасында жыл сайынғы спартакиадаға қатысты.

Біздің орталықтың спортшыларын 23 команда арасында шаңғы жарысы бойынша командалық есепте V орын алуымен құттықтаймыз. Жеке біріншілікте медицина блогының меңгерушісі Н. Ырымбаева III жүлделі орынға ие болды.

Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және спорт додасында одан әрі жоғары табыстар мен жетістіктер тілейміз!

FaLang translation system by Faboba