fbpx

KZ

 

ҰШМҮО Оқыту-тренингтік орталығында Ұлттық ұланның 80 әскери қызметшісі бір апта ішінде базалық реанимация (BLS) көрсету негіздеріне оқытудан өтті. Мастер-классты дәрігер-нұсқаушы Айнұр Әлиева өткізді.

Алғашқы көмек көрсету дағдыларының болуы жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, төтенше жағдайларда уақтылы көрсетудің және өмірді құтқарудың қажетті шарттарының бірі болып табылады.

Сондай-ақ, курс бағдарламасы автоматты сыртқы дефибрилляторды қауіпсіз пайдалануды, жүрек қызметі тоқтатуда көмек көрсету кезінде құтқарушының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын, кеуде қуысын қысу және жасанды тыныс беру ережелерін және т. б. қамтыды.

Курстан өткеннен кейін тыңдаушылар белгіленген үлгіде куәлік алды.

FaLang translation system by Faboba