fbpx

KZ

2022 жылдың 12 айында  Жетісу облысындағы медициналық авиацияның өңірлік бөлімшесі әуе көлігімен 104 ұшуды жүзеге асырды: тікұшақпен - 59, ұшақпен-45. Сондай-ақ, санитариялық автокөлікпен 2492 шығу жүзеге асырылды.

3141 пациентке қызмет көрсетілді, 800 орнында операция жасалды, 443 тасымалдау жүргізілді, оның ішінде әуе көлігімен - 98, 1898 бетпе-бет консультация өткізілді.

Өңірде медициналық авиация желісі бойынша ұшуларды орындау үшін ЕС - 145 тікұшағы мен АН-2 ұшағы пайдаланылады.

Орнында консультациялық көмек көрсету үшін өңірлік ауруханаларға 3250 маман жіберілді, оның ішінде 3135 жерүсті және 115 әуе көлігінде.

2022 жылы жер үсті көлігімен шығу саны артты. Өсудің себептерінің бірі ЖКО есебінен жарақаттанудың өсуі, аудандық ауруханаларда бейінді мамандардың болмауы (нейрохирургтер, ангиохирургтер, комбустиологтар), сондай-ақ педиатрия мамандарының кадр тапшылығы болып табылады.

Өңірлердегі ұшулар мен шығулар бойынша нозология тұрғысынан бірінші орынды балалар патологиясы алады. Жарақат екінші орында.

Медициналық авиация нысанында сапалы шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық персоналмен тұрақты негізде белгілі бір жұмыс жүргізіледі, кезек күттірмейтін көмек көрсетудің стандарттары мен алгоритмдері, аса қауіпті инфекциялар, қауіпсіздік техникасы және басқалар бойынша қажетті оқыту жүргізіледі.

Осы шаралардың барлығы өңір тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуге көмектеседі.

FaLang translation system by Faboba