fbpx

KZ

Бүгінгі таңда медициналық авиацияның жұмысын үйлестірусіз елестету мүмкін емес, ол қызметті біздің орталықта тәулік бойы аға дәрігер мен фельдшер-диспетчер жүзеге асырады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша аға дәрігер М. Ж. Бисимбаева және фельдшер - диспетчер А. Е. Тілепбергенова өз саласында үздік деп танылды.

Олар бір жыл ішінде стационарлық пациенттің медициналық картасынан 1184 үзінді көшірмені өңдеді, тасымалдауға, операцияға немесе бетпе-бет консультацияларға 774 жедел өтінім берді. Олардың ауысымында жыл ішінде 622 ұшу ұйымдастырылды, 720 пациентке қызмет көрсетілді.

Мария Жұматайқызы Ақмола облысында дүниеге келген. 1998 жылы Астана қаласының мемлекеттік медицина академиясын бітіріп, жедел жәрдем дәрігері мамандығы бойынша аспирантурадан өтті. Жоғары біліктілік санаты бар.  Медициналық авиация қызметінде құрылған күнінен бастап жұмыс істейді. Шұғыл пациенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар.

Әлия Ермұратқызы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2007 жылы медицина колледжін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Астана қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының көшпелі бригадасының фельдшері болып бастады. Біздің орталықтың фельдшер-шақыру қабылдау диспетчері ретінде ашылған күнінен бастап шұғыл медицинамен өзінің мансабын байланыстырды.

Өз ісінің мамандары, керемет ұйымдастырушылар, талантты, үлкен мақсат қоя білетін, үнемі біліктілігін арттыратын, мейірімді, бірақ өзіне өте талапшыл мамандар.

Диспетчерлікте  жұмыс істеу үлкен күш пен шыдамдылықты қажет етеді, алайда жедел жәрдем қызметкерлері, әрқашан да алдыңғы қатардан табылады! Біз Мария Жұматайқызы мен Әлия Ермұратқызы сияқты құнды қызметкерлерімізбен мақтанамыз!

Сіздерге сәттілік, жеке басыңызға бақыт, мықты денсаулық және біздің еліміздің игілігі үшін сіздердің қиын қызметіңізде ойластырылған жоспарларыңызды жүзеге асыруға тілектеспіз!

FaLang translation system by Faboba