Қарағанды облысының аумағы 239 045 км2 құрайды және халқының тығыздығының төмендігімен, елді-мекендер арасындағы үлкен қашықтықпен сипатталатын аумақтық-демографиялық ерекшеліктерге ие.
Өңірлік медициналық авиация қызметін үйлестіруші дәрігер Думан Серікбекұлы Исабаев басқарады.
Медициналық авиацияның мобильдік бригадалары 2022 жылдың 12 айында Қарағанды облысы бойынша барлығы 194 ұшуды орындады, оның ішінде: АН 2 ұшағында- 175 және ЕС – 145 тікұшағында - 19. Барлығы 225 медициналық қызмет көрсетілді: 208 пациент тасымалданды (92,5 %); 8 пациентке бетпе-бет консультациялық көмек көрсетілді, аудандық ауруханалар жағдайында 9 пациентке операция жасалды.
Өңірде медициналық авиация желісі бойынша қызмет көрсетуде бірінші орында қан айналымы жүйесі ауруы бар пациенттер тұр.
Жерүсті медициналық авиация ауыр халдегі пациенттерге 2022 жылы 650 рет барды, 687 медициналық қызмет, оның ішінде 250-і балаларға көмек көрсетілді.
Санитариялық автокөлікпен алыс қашықтыққа шығу қолайсыз метеожағдайларға, жарық уақытының шектелуіне (тәуліктің түнгі уақытында) және әуе көлігімен тасымалдауға қарсы көрсетілімдерге байланысты жүзеге асырылды.
Медициналық авиация желісі бойынша шұғыл пациенттерге қызмет көрсетуді құрамына Қарағанды облысының облыстық медициналық ұйымдарының мамандары тартылған медициналық авиацияның мобильдік бригадаларының білікті құрамы жүзеге асырды.
Пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсетудің, мамандарды шалғай аудандарға жеткізудің арқасында еліміздің азаматтарының өмірі сақталды.