fbpx

KZ

Өңірдегі медициналық авиация қызметін жоғары санатты хирург-дәрігер Мәлік Асқарұлы Өтеғұлов басқарады. Пациенттерге ұшатын барлық мамандардың жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі мол.

Батыс Қазақстан өңірінде медициналық авиацияның мобильдік бригадасының ұшуларына қызмет көрсету үшін Ан-2 ұшағы, ЕС -145 тікұшағы пайдаланылады. Жаңа туған нәрестелерді тасымалдау үшін арнайы кувез бар. Бөлім барлық қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылған.

2022 жылы өңірлік бөлімшеге 226 шұғыл шақыру келіп түсті: 28 өтінімге әуе кемесі қызмет көрсетті, 198  өтінімге жерүсті көлігі қызмет көрсетті.

Медициналық мамандар 235 медициналық қызмет көрсетті, оның ішінде 136 пациентті облыстық медициналық ұйымдарға тасымалдау орындалды, аудандық ауруханалар жағдайында 41 шұғыл операция жүргізілді, 58 пациентке орнында бетпе-бет консультация ұйымдастырылды.

Өңірдегі нозологиялар бойынша бірінші орында акушерлік-гинекологиялық патология тұр.

Медициналық авиация қызметінің үйлесімді және уақтылы жұмысының арқасында ауыр халдегі пациенттер ауруханаларға уақытында жеткізіледі және ауыр асқынулардың алдын алады.

FaLang translation system by Faboba