fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР Жедел медициналық жәрдем қауымдастығымен бірлесіп, қызметті дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының облыстық және қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларының бас дәрігерлерінің екі күндік кеңесін өткізуде.

Бүгін Астана қаласының ЖМЖ базасында көшпелі жұмыс кеңесінің бірінші күнінің жұмысы басталды, онда ҚР ДСМ Вице-министрі В.Дудник, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А. Дүйсенов, ҰШМҮО Басқарма төрағасы А. Баянбаев, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т. Мұратов құттықтау сөздерін сөйледі.

Кеңеске қатысушыларға Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын жаңартылған бұйрық, шұғыл қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін «Парамедик» жұмыс оқу бағдарламасының жобасы, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда кезек күттірмейтін медициналық көмек ашу жөніндегі пилоттық жоба таныстырылды.

Кеңес барысында бар проблемалық сәттер аталып, оларды шешу жолдары талқыланды.