fbpx

KZ

Солтүстік Қазақстан облысының медициналық авиация бөлімшесі "Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы" жанында 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Ең шалғай аудан облыс орталығынан 370 км қашықтықта орналасқан.

Ең алдымен, медициналық әуетасымалдаулар денсаулық жай-күйі шұғыл медициналық араласуды қажет ететін адамдарға қажет: бұл ауыр халдегі науқастар, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер, ауыр халдегі балалар, шалғай аудандардағы науқастар.

Облыстағы аудандардың шағын орналасуын ескере отырып, 2022 жылы медициналық авиация желісі бойынша медициналық көмек жерүсті көлігімен көрсетілді. Өтінімдерді орындау үшін барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған реанимобильдер шығады.

Барлығы 585 шығуға қызмет көрсетілді: оның ішінде 154 операция, 184 бетпе-бет консультация жүргізілді, 327 пациент медициналық ұйымдарға тасымалданды. Республикалық деңгейдегі клиникаларға 61 пациент, облыстық медициналық мекемелерге - 145, қалалық медициналық мекемелерге 121 пациент тасымалданды.

Шұғыл медициналық көмек көрсетуге 614 маман тартылып, 665 пациентке көмек көрсетілді. Анестезиолог-реаниматологтар 205 шығу, травматологтар – 173, хирургтар - 102, неонатологтар - 51, нейрохирургтар – 26, невропатологтар – 23, акушер-гинекологтар - 10 рет, тамырлы хирургтар-7 шығу орындады.

95 қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балаларға -70, жүкті әйелдерге -9.

Бейінді мамандардың және жоғары технологиялық медициналық қызметтердің болмауына байланысты 2022 жылы Астана мен Алматының республикалық медициналық орталықтарына тасымалдауға 27 өтінім берілді.

Ауыл тұрғындарына көмектесу үшін мамандандырылған дәрігерлердің мамандандырылған медициналық көмегі өте қажет және бұнда медициналық авиация қызметі үлкен көмек болып табылады.

FaLang translation system by Faboba