fbpx

KZ

2022 жылдың қорытындысы бойынша медициналық авиацияның мобильдік бригадасының үздік дәрігері болып Жантасов Дулат Ермекұлы танылды.

Дулат Ермекұлы Ақмола облысы Ерейментау қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясының педиатрия факультетін бітірген. 2003 жылы "Педиатрия" мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 

Еңбек жолын Астана қаласы жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің көшпелі бригадасының дәрігер - педиатры болып бастады. 2010 жылы "Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы" АҚ-ға көшпелі бригаданың дәрігері болып жұмысқа ауысты, ал 2011 жылдан бастап "Республикалық санитариялық авиация орталығы" ашылғаннан кейін өз жұмысын авиация арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетумен байланыстырды.

Оның барлық пациенттері – туа біткен ақаулары, шала туылуы, ретинопатиясы, бүйрек жеткіліксіздігі бар, шұғыл медициналық көмекті және республикалық медициналық ұйымдарға тасымалдауды қажет ететін кішкентай балалар.

Біздің дәрігер үнемі білім іздену үстінде, біліктілігін арттырады, балалар жасындағы кезек күттірмейтін жағдайлар бойынша курстардан өтеді. Білім іздену арқасында өзін-өзі дамытуда, жаңа туған нәрестелер мен балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету сапасы жақсаруда.

Педиатрия - бұл медицинаның ерекше саласы, онда бастысы – баланың денсаулығына мұқият және қамқор болу. Бұл адам өз пациенттерін тек кәсіпқойлықпен ғана емес, сонымен бірге сеніміне кіру қабілетімен де бағындырды. Ол өмірін қорғауға тура келетін ең кішкентай пациенттерден бастап, тасымалдау кезінде де, пікірлер мен ұсыныстар кітабында да дәрігерге алғыс білдіретін ата-аналарына дейін жоғары сенімділікке ие болды.

Дулат Ермекұлына өз ісіне адалдығыңыз және тиімді нәтижеңіз үшін алғыс айтамыз! Күн сайын жасаған баға жетпес еңбегіңіз үшін рахмет.

 

 

FaLang translation system by Faboba