fbpx

KZ

Атырау облысының өңірлік медициналық авиация бөлімшесі 2018 жылдан бастап Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Атырау облысының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан пациенттерге мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруда маңызды интеграциялық буын ретінде қызмет етеді.

Медициналық авиацияның қызмет көрсету аймағына 7 аудан: Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Жылыой, Исатай, Махамбет, Мақат аудандары кіреді.

Қызмет көрсету радиусы 1330 км-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа ЕС-145 тікұшағы мен АН-2 ұшағы қызмет көрсетеді.

Аудандық ауруханалар мен ОДА-ны әуе көлігімен уақтылы қамтамасыз ету ауырхалдегі пациенттермен жұмыс жасауда дәрігерлер үшін ғана емес, сонымен қатар білікті медициналық көмекке мұқтаж пациенттердің өздері үшін де қымбат уақытты үнемдейді. 

 2022 жылы медициналық авиацияның мобильдік бригадалары 105 ұшуды орындады, облыстық медициналық ұйымдарға 108 пациент тасымалданды, аудандық ауруханалар жағдайында 7 операция орындалды, 5 бетпе-бет консультация өткізілді. Барлығы 118 пациентке қызмет көрсетілді, 120 медициналық қызмет көрсетілді.

Жақсы дамыған жол желісінің болуы, бөлімшенің жерүсті автокөлікпен жасақталуы (2022 жылғы желтоқсанда медициналық авиация бөлімшесінің автопаркі жаңартылды: 3 бірлік мамандандырылған автокөлік сатып алынды), білікті жүргізуші құраммен, жолда медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін медициналық жабдықтармен жарақтандырылған реанимобильмен қамтамасыз етілу жерүсті автокөлікпен медициналық эвакуациялауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Медициналық авиация желісі бойынша жер үсті көлігімен 118 пациентке қызмет көрсетілді, 119 медициналық қызмет көрсетілді. 90 пациент медициналық мекемелерге емдеуге жатқызылды, аудандық ауруханалар жағдайында 14 операция жүргізілді, 15 бетпе-бет консультация ұйымдастырылды. 771 телефон және бейне консультациялар ұйымдастырылды.

Медициналық авиация шақырулары патологиялар бөлінісінде аймақта қан айналымы жүйесінің аурулары жетекші орын алады: ми қанайналымының жіті бұзылулары және жіті коронарлық жай-күйлер 68 жағдайды құрайды.

Облыс халқының денсаулығын сақтау мақсаттарына қол жеткізу үшін медициналық авиация бөлімшесінің дәрігерлер мен фельдшерлер құрамына ең үздік білікті мамандар жұмылдырылды. 

Медициналық авиация желісі бойынша Медициналық қызмет көрсету кезінде облыс тұрғындарына облыстық аурухананың, №2 Облыстық аурухананың, облыстық перинаталдық орталықтың, облыстық кардиоорталықтың, облыстық балалар ауруханасының, қалалық перзентхананың медициналық мамандары белсенді қатысады.

 2022 жылы Атырау облысының медициналық авиация бөлімшесі Жедел медициналық жәрдем бригадаларының Республикалық жарыстарына белсенді қатысты, онда командалық жұмысты ұйымдастыру және кәсібиліктің жоғары деңгейі көрсетілді.

Облыстың медициналық авиация бөлімшесінің меңгерушісі Явна қаласындағы (Израиль мемлекеті) LAVIV Simulation Center National Association of Medical Technicians оқу орталығының базасында оқудан өткен дәрігерлік персонал тобының құрамына кірді. Біліктілікті арттыру бойынша оқыту шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша жүргізілді. 

Медициналық авиацияны қолдана отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесін дамыту ауыр халдегі пациенттердің тезірек сауығып кетуге үлкен мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba