fbpx

KZ

2022 жылдың 11 желтоқсанында 43 жастағы ер адам жедел жәрдем қызметімен американдық клиникаға ауыр халде жеткізілді.

Оған жүректің тоқтауы және тыныс алу жеткіліксіздігі деген диагнозы қойылды. Реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды, комада, өкпені жасанды желдетуде аппаратында жатыр.

Пациент – Қазақстан Республикасының азаматы екенін назарға ала отырып, ер адамның отбасының сұрауы бойынша белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі арқылы тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселе қаралды. Осыдан кейін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы әуе кемесінің ұшуын ұйымдастырды. Пациент Астана қаласының № 2 көпбейінді қалалық ауруханасына жеткізілді.

Жол бойы ер адам медициналық авиацияның мобильдік бригадасының үздіксіз бақылауында болды.

Бүгінгі күні пациент өз елінде алатын ұзақ мерзімді емдеуді қажет етеді.

Тасымалдауға ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жәрдем көрсетті.

2022 жылғы 12 айда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының күшімен 2357 ұшу, оның ішінде – 15-і шетелдік медициналық клиникаларда жатқан ауыр халдегі пациенттерді тасымалдау үшін жүзеге асырылды.

 

FaLang translation system by Faboba