fbpx

KZ

Ақтөбе облысының халық санының өсуі, жол-көлік оқиғаларының, өндірістік жарақаттардың, әлеуметтік-тұрмыстық жанжалдардың көбеюі ауыр халдегі пациенттер мен мамандандырылған шұғыл медициналық көмекке мұқтаж зардап шеккендер санының тұрақты өсуіне алып келеді. Кейде медициналық авиация қызметінің күштерін тартпай, бұл мәселелерді шешу мүмкін емес.

Пациенттерді тасымалдау және бейінді мамандарды жеткізу медициналық авиакөлікпен - АН-2 ұшағымен, ЕС-145 тікұшағымен және реанимобильдермен жүзеге асырылады.

Медициналық қызмет көрсетуді медициналық авиацияның мобильді бригадасының медициналық мамандары жүзеге асырады. Медициналық авиацияның мобильді бригадасының міндеті пациентті уақытында алып жүру ғана емес, сонымен қатар ұшу кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды ескере отырып, оның жай-күйін бақылау, сақтау, борттағы пациенттің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

2022 жылы Ақтөбе облысы бойынша 176 ұшу орындалды, 187 пациентке 188 медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде: 174-і тасымалданды, орнында 3 бетпе-бет консультация өткізілді, 11 операция орындалды. Күн сайын Ақтөбе облысы бойынша ауыр халдегі пациенттерге мониторинг жүргізіледі. Республикалық және облыстық жетекші клиникалардың қатысуымен 120 қашықтан медициналық қызмет ұйымдастырылды.

Медициналық авиация желісі бойынша санитариялық автокөлікте 132 шығу орындалды. 148 пациентке 149 медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде: 56-сы тасымалданды, орнында 40 бетпе-бет консультация өткізілді, 53 операция орындалды.

Қазіргі уақытта ауыр халдегі пациенттерді анықтау және мониторингтеу бойынша жұмыс жақсарғанын, шалғай аудандардан облысқа шұғыл пациенттерді тасымалдау жүйесі тиімді жұмыс істейтінін, қызмет кәсіби кадрлармен, заманауи медициналық жабдықтармен және санитариялық көлікпен толық қамтылғанын атап өту қажет. Бұл көрсеткіштер Ақтөбе облысы халқының өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеді.

Мұндай жағдайларда денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық авиацияның рөлі айтарлықтай артады. Облыс тұрғындарын қолжетімді және сапалы медицинамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

 

FaLang translation system by Faboba