fbpx

KZ

Атырау облыстық перинаталдық орталығына жедел медициналық жәрдем бригадасы магнезиялық терапияның ынталандырушы дозасымен жүктіліктің 39 аптасындағы әйел жеткізілді.

Қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан кейін пациент анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне емдеуге жатқызылды. Жалпы жай-күйі ауыр, кесар тілігі операциясынан кейін жатырдағы тыртық, ұрықта туа біткен жүрек ақауы.

Пациенттің жай-күйі ауырлығын ескере отырып, 2022 жылғы 21 желтоқсанда медициналық авиация бортымен жүкті әйел жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласының ҰҒМО-ға тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba