fbpx

KZ

Медициналық авиацияның мобильдік бригадасының фельдшері Р. Н. Сыздықов 2022 жылдың 11 айында 23 ұшуды орындаған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Алматы қаласындағы Өкілдігінің үздік қызметкері  болып табылады.

2006 жылы Рустам Нартайұлы Түркістан медициналық колледжін «Жалпы практика фельдшері» мамандығы бойынша бітірді. Өзінің кәсіби қызметін Қызылорда облысының «Шапағат» ОДҚ-да мейіргер қызметінен бастады. 13 жыл жедел және шұғыл медициналық көмек фельдшері лауазымында жұмыс істеді.

Медициналық авиация қызметінде Рустам Нартайұлы ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыс істейді. Осындай қысқа мерзімде ол медициналық білімін жоғары деңгейде көрсетті, өзін адал және атқарушы қызметкер ретінде танытты.

Тәжірибесі, кәсіби шеберлігі мен мейірімділігі арқасында Рустам Нартайұлы медициналық авиация желісі бойынша ауыр пациенттерді тасымалдау кезінде алып жүреді.

FaLang translation system by Faboba