fbpx

KZ

2022 жылдың 11 айында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы өкілдігінің үздік қызметкері 26 ұшуды орындаған медициналық авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері М. С. Кангильдиев болып табылады.

Дәрігер Мұхит Саинұлы 2007 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірді. Еңбек жолын Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер лауазымында бастады, ал кейін – он жыл жедел медициналық жәрдем дәрігері лауазымында жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап Мұхит Саинұлы медициналық авиация қызметінде жұмыс істейді. Өз ісінің маманы. Еліміздің оңтүстік өңіріндегі ауыр халдегі  пациенттерді тасымалдайды.

Өзін медицинаға арнаған адамның адамдарға көмектесуге қабілеттілігі мен ұмтылысы бар. Өте сезімтал, бастамашыл, коммуникативті. Әуеде көмек көрсететін дәрігерлер тобында кәсіби және сауатты маман бар екенін атап өтуіміз керек!

FaLang translation system by Faboba