fbpx

KZ

Медициналық авиация қызметкерлері – бүгінгі күннің қаһармандары, олардың күнделікті еңбегі – жасына, жынысына, әлеуметтік мәртебесіне және орналасқан жеріне қарамастан, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдардың өмірін сақтап қалу. Олар медициналық көмек көрсету және пациенттерді облыстық немесе республикалық ауруханаларға тасымалдауды жүзеге асыру үшін күн сайын еліміздің алыс шалғай жерлеріне және жету қиын мекендерге ұшады.

"Үздік қызметкер" айдарының бүгінгі шығарылымы медициналық авиацияның мобильдік бригадасының фельдшері Бибігүл Болеубаеваға арналады.

Бибігүл медициналық авиация саласында құрылған күннен бастап жұмыс істейді. Ол 2022 жылдың 10 айында әртүрлі патологиялары бар ауыр халдегі 46 пациентке көмек беру үшін 35 рет ұшып шықты.

1997 жылы Семей медициналық училищесін "Фельдшер"мамандығы бойынша бітірді. Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясында 12 жыл жұмыс істеген.  2009 жылы елордаға көшіп, Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығының жанындағы кардиология бөлімшесінің қарқынды терапия палатасына жұмысқа орналасты, кейін – медициналық авиация жүйесіне ауысқан.

Ол өзінің кәсібилігімен, белсенді өмірлік ұстанымымен, тектілігімен және мейірімділігімен ерекшеленеді. "Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісімен марапатталған.

FaLang translation system by Faboba