fbpx

KZ

2022 жылғы 5 қарашада оң жақ қабырға астының ауырсынуы, ауызының құрғауы және аузына ащы дәм келу, жүрек айнуы, жалпы әлсіздік шағымдары бар әйел жедел медициналық жәрдем бригадасымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді, хирург қарап-тексерді, хирургиялық бөлімшеге ауырсынудың өршеленуінен емдеуге жатқызылды. Пациент жүктіліктің 35-ші аптасында. Жай-күйі ауыр.

Пациенттің жай-күйі және одан әрі емдеу тактикасының шешімі бойынша ҚР жетекші медициналық мамандарымен бейне консультация ұйымдастырылды.

Жүктіліктің мерзімінің үлкендігін, өт жолдарында тастардың болуын, айқын ауырсыну синдромын ескере отырып, пациентті жедел емдеу үшін медициналық авиация желісі арқылы . А. Н. Сызғанова атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына жіберу туралы шешім қабылданды.

2022 жылғы 8 қарашада тұрақты ауыр жай-күйімен әйел Алматы қаласының клиникасына жеткізілді, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

FaLang translation system by Faboba