Жыл сайын 14 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік қант диабеті күні (World Diabetes Day) 1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы (International Diabetes Federation, IDF) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Healthgganization) бүкіл әлемде қант диабеті ауруының өршу қаупіне жауап ретінде енгізілді.
2007 жылдан бастап Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні БҰҰ қамқорлығымен өткізіліп келеді.
Қант диабеті – ұйқы безі инсулинді жеткіліксіз өндіретін немесе дене өзі өндіретін инсулинді тиімді пайдалана алмайтын жағдайларда дамитын созылмалы ауру.
Аурудың дамуының негізгі қауіп факторлары:
- генетикалық бейімділік (жақын туыстарындағы қант диабеті ауруы), стресс, жеңіл сіңімді көмірсулардың шамадан тыс тұтынылуы (қант, бал, кәмпит және т. б.);
- жасы (адам неғұрлым үлкен болса, тәуекел дәрежесі соғұрлым жоғары болады);
- семіздік.
- Қант диабетінің алдын алу үшін:
- жақын туыстарыңызда қант диабеті болған кезде, сондай-ақ сіздің жасыңыз 40 жастан асқан жағдайда қандағы глюкоза деңгейін бақылау;
- дамып келе жатқан семіздік кезінде дене салмағының қалыпты деңгейге дейін төмендеуіне қол жеткізу;
- дұрыс тамақтану (қант пен құрамында қант бар тағамдарды, қантты сусындарды, ақ нанды тұтынуды шектеу, қаныққан майларды азайту-маргарин, май, ірімшік, майлы ет, жемістер мен көкөністерді күніне 3-5 рет тұтыну, аз мөлшерде тамақтану);
- жасыңызды және денеңіздің мүмкіндіктерін ескере отырып, жеткілікті қозғалыс белсенділігімен өмір салтын ұстану;
- жаман әдеттерден, алкогольді ішуден, темекі шегуден бас тарту.