fbpx

KZ
 
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында 11 қарашада ұжымның Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ. Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдерімен кездесуі өтті.
Бүгінгі кездесуге А. Бимендина – қоғам қайраткері, «ТАЛАП» КеАҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, «AMANAT» партиясының ардагері, Д. Байсеркина – «AMANAT» партиясынан Астана қаласы мәслихатының депутаты, № 6 қалалық емхананың директоры, м. ғ. к., Б. Жанғынақов – «Ақ Жол» партиясынан Астана қаласы мәслихатының депутаты шақырылды.
Кездесу ақпараттық түрде өтті, сенім білдірілген өкілдер Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасын жариялады, 2022 жылғы 20 қарашада өтетін ел Президентінің сайлауына қатысудың маңыздылығын атап өтті.
FaLang translation system by Faboba