fbpx

KZ

Балалар 2022 жылдың қазан айында, жүктіліктің 24 және 27 апталарында мерзімінен бұрын, туу салмағы өте төмен, терең жетілмеген және тыныс алу жеткіліксіздігімен дүниеге келді.  Қазіргі уақытта күтім кезеңі Семей қаласының Облыстық перинаталдық орталығында өтуде.

Зерттеп-қарау кезінде балаларда туа біткен жүрек ақауы анықталды. Жай-күйі даму ақауларына, тыныс алу жеткіліксіздігіне, бронхопульмональды дисплазия клиникасына байланысты ауыр.

Консилиум өткізілді, оның нәтижесі мамандардың, балалар кардиохирургиялық медициналық жабдығының болмауына, балалардың жай-күйінің ауырлығына, тұрақты оттегіге тәуелділігіне байланысты тасымалдаудың мүмкін  еместігіне байланысты перинаталдық орталық жағдайында ашық артериялық арнаны жедел емдеу үшін құрамында өзіне қажетті медициналық жабдығы бар неонаталдық кардиохирург және анестезиолог-реаниматолог бар бригаданы шақыру туралы шешім қабылданды.

2022 жылғы 7 қарашада Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың дәрігерлері сәбилерге өмірлік маңызды операция жасады. Операциядан кейінгі балалардың жай-күйі тұрақты ауыр, емдеу жалғасуда.

Еліміздің кішкентай азаматтарының тез сауығып кетуіне үміттенеміз.

FaLang translation system by Faboba