fbpx

KZ

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша ҰШМҮО-ның Оқыту-тренингтік орталығында елордалық медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерін кешенді оқыту басталды.

Емханалардың, қалалық көпбейінді ауруханалардың, балалар ауруханаларының, қалалық психикалық денсаулық орталығының, қалалық фтизиопульмонология орталығының медицина қызметкерлері оқытудан өтуде.

Курс педиатриялық реанимацияда (PALS), ересектерге арналған реанимацияда (ACLS), базалық реанимацияда (BLS) және жарақаттанған кезде емдеуге жатқызуға дейінгі өмірді қолдауда (PhTLS) көмек көрсету негіздерін қамтиды.

Шеберлік-класстарды ҰШМҮО-ның Оқыту-тренингтік орталығының басшысы Ғ. Ағыбаев, дәрігер – нұсқаушылар Б. Тайбеков және А. Алиева өткізуде.

Курс қатысушылары алғашқы кезек күттірмейтін көмек көрсету дағдыларын жетілдіреді және төтенше жағдайда өмірді құтқарудың арнайы дағдыларын пысықтайды.

                               

FaLang translation system by Faboba