fbpx

KZ

Ер адамды апта бойына бас ауруы, тұрақсыз қан қысымы мазалап жүрген, жай-күйінің нашарлауына байланысты жедел медициналық жәрдем шақырылып, пациент қабылдау бөлімшесіне жеткізілді, неврологиялық бөлімге шұғыл түрде емдеуге жатқызылды.

Медициналық мамандардың зерттеп-қарауынан кейін ер адамға ми қан айналымының жіті бұзылуы, мидың ісінуі диагнозы қойылды. Пациенттің жай-күйі церебральды жеткіліксіздікке, неврологиялық бұзылуларға байланысты ауыр.

Қайта қан кету қаупін, мидың ісінуінің жоғарылауын, аудандық ауруханада нейрохирургтың болмауын, қосымша қарап-тексерудің және шұғыл операцияның қажеттілігін ескере отырып, 28 қазанда медициналық авиация тікұшағымен ер адам Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Жол бойы ер адам медициналық авиацияның мобильдік бригадасының үздіксіз бақылауында болды.

FaLang translation system by Faboba