fbpx

KZ

Ақтау қаласының Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына медициналық авиация бригадасы ер адамды жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің қызыл залына жеткізді.

Жүргізілген қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан кейін пациент анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне емдеуге жатқызылды. Жалпы жағдайы өте ауыр және пациент ӨЖЖ аппаратында. Астана қаласының № 1 көпсалалы қалалық ауруханасының комбустиологы мен травматолог-ортопедінің қатысуымен телеконсультация өткізілді.

Пациенттің жай-күйінің ауырлығын ескере отырып, 2022 жылғы 26 қазанда ҰШМҮО медициналық авиация бортымен пациентке теріні ауыстырып салу бойынша өмірлік қажетті операция (аутодермопластика) жүргізу үшін Ақтау қаласының Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасынан Астана қаласының № 1 көпсалалы қалалық ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba