25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл негізінен елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылғы маусымдағы Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күнін тойлауды жандандыруды ұсынды.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті. Басқарма төрағасы А. С. Баянбаев құттықтау сөз сөйледі.
Республика күні қарсаңында салтанатты жағдайда орталықтың қызметкерлері «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, кәсіподақ комитетінің белсенді мүшелері төсбелгілермен және грамоталармен марапатталды.
Іс-шара «Атамекен» әнін орындаумен жабылды.