fbpx

KZ

2022 жылғы 17 қазанда Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасында ұл бала дүниеге келді. Ана мен бала палатасында бірнеше сағат бірге болғаннан кейін ол қатты безектеп жылап, көгеріп кетті. Бала шұғыл түрде қарқынды терапия палатасына ауыстырылды.

Нәрестенің жай-күйі тыныс алу жеткіліксіздігі мен туа біткен даму кемістігіне байланысты ауыр. Қосымша зерттеп-қарау жүргізілді – нәрестеде диафрагматикалық жарық анықталды. Нәресте өкпенің жасанды желдетуіне қосылды.

Ұлытау облысында жаңадан құрылған білікті кадрлардың, медициналық жабдықтардың жетіспеушілігін назарға ала отырып, өмірлік көрсеткіштері бойынша бала медициналық авиация бортымен «UMC» КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» шұғыл түрде тасымалданды, онда оған күрделі операция жасалады.

Жай-күйінің күрделілігіне, баланың үнемі оттегіге қосылуына байланысты нәрестені бірден екі дәрігер – АмБҰҒО анестезиолог-реаниматологы және медициналық авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері алып жүрді.

FaLang translation system by Faboba