fbpx

KZ

Медициналық авиация қызметі тасымалдаудан басқа, республика бойынша реанимация бөлімшелерінде ауыр халде жатқан тасымалданбайтын пациенттерге де бетпе-бет консультациялар жүргізеді.

Бір мысал – медицина ғылымдарының кандидаты, ҰШМҮО Ахуал орталығының меңгерушісі Б. Қ. Жарқымбековтің ұшуы болып табылады.

Мәселен, 2022 жылғы 16 қазанда ауыр халдегі пациенттермен жұмыс тәжірибесі мол реаниматолог - дәрігер Бақыт Қалжешұлы ауыр дәрежелі екі жақты пневмониямен ауыратын пациентке бетпе-бет консультация беру үшін Тараз қаласына ұшып шықты.

25 қыркүйекте пациент қан кету шағымдарымен Орталық аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жүгінді. Әйел жүкті болған – шұғыл көрсеткіштер бойынша кесарь тілігі жасалынды. Кейін пациенттің жай-күйі нашарлаған – медициналық авиация желісі бойынша мамандар шақырылды, емдеуде түзетулер жүргізілді және Тараз қалалық ауруханасының реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Қазір пациент тыныс алу жеткіліксіздігіне және операциядан кейінгі кезеңнің асқынуына байланысты ауыр жағдайда. Қажетті ем қабылдауда. Алайда, әйелдің қабыну процесі мен интоксикациясы сақталуда.

Консилиум өткізілді, пациентті емдеудің одан әрі тактикасы анықталып, консервативті және қалпына келтіретін емдеу алгоритмдерін түзету жүргізілді, тиімді антибиотикалық терапия таңдалды. Бүгінгі таңда динамиканың оң нәтижесі бар.

Уақытылы консультация беру арқасында әйелдің жай-күйі қалпына келіп, отбасына оралады деп сенеміз.

Жас ананың тезірек сауығып кетуіне шын жүректен тілейміз.

 

FaLang translation system by Faboba