fbpx

KZ

 

«Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы» базасында медицина қызметкерлерін кешенді оқыту жүргізілді. 

Курс педиатриялық реанимацияда (PALS), ересектерге арналған реанимацияда (ACLS), базалық реанимацияға (BLS) және жарақаттанған кезде емдеуге атқызуға дейінгі өмірді қолдауда (PhTLS) көмек көрсету негіздерін қамтыды. Сондай-ақ, жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілеріне арналған «Қауіпсіз жүргізу. Қиын жағдайларда қауіпсіз жүргізу» атты семинар-тренинг өткізілді.

Көшпелі семинар – шеберлік-класс ҰШМҮО Оқыту-тренингтік орталығының жетекшісі Ғ. Ағыбаев және дәрігер-нұсқаушы А. Алиеваның басшылығымен өткізілді.

Семинарға қатысушылар емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша өз білімдерін жетілдірді, сондай-ақ реанимацияның түрлі тәсілдерін орындау бойынша өз дағдыларын шыңдады.

Семинардың нақты құрылымдалған және логикалық сауатты құрылған бағдарламасы барлық қатысушыларға жаңа білімді тиімді игеруге және оларды әрі қарай жұмыста пайдалануға мүмкіндік береді.

                

FaLang translation system by Faboba