fbpx

KZ

Жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісінде көптеген елдерде Халықаралық дәрігерлер күні атап өтіледі. Бұл күні әлемдегі ең гуманитарлық мамандықты таңдаған адамдар халық алғысын алады.

Бұл мерекені атап өту бастаманы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық медициналық гуманитарлық ұйымының қолдауымен көтерген болатын.

Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығының медицина қызметкерлері – нағыз өз ісінің мамандары. Шұғыл қызметтерге арнайы ерік-жігері бар адамдар келеді. Шұғыл медицинада жұмыс істеу барлық күштерді жұмылдыруды, деректерді салыстыру жылдамдығын, жұмысына толық берілуді талап етеді. Медициналық авиация дәрігерлері – медицинаның барлық салаларына бағытталған адамдар.

Құрметті дәрігерлер! Біз сіздердің жетістіктеріңіз бен күнделікті жасап жүрген ерліктеріңізді мақтан тұтамыз.

Біздің елімізде өз ісіне бей-жай қарамайтын, әр пациенттің өмірі үшін күресуге дайын тұратын дәрігерлер мен медициналық авиация қызметі барда, сіз алаңдамайсыз және аспанда ақ халатты «құтқарушылар» ұшатынына сенімді түрде қарай аласыз!

Сіздің тәжірибеңізде қиын және үмітсіз жағдайлар болмасын, күнделікті жұмысыңызда қарбалас пен шаршауға орын болмасын, ал жеке өміріңізде қарапайым адам бақытыына кенелуге уақытыңыз жеткілікті болсын деп тілейміз!

FaLang translation system by Faboba