fbpx

KZ

21 қыркүйекте "Ақбақай" алтын кенішінде жұмыс істейтін 32 жастағы ер адамға шахтаға фельдшер шақырылды. Ер адам құсуға, жүрек айнуға, сұйық нәжіске шағымданды. Медициналық пунктте көмек көрсетілді, пациенттің жақсарып, өз бөлмесіне кетті. Таңертең жатақханаға қайта шақырту түсті. Ер адамның жай-күйі нашарлаған, сана алжасып, қысымы төмендеген, суық тер басқан.

Фельдшер «асқазаннан қан кету» деген болжамды диагноз қойды.

Пациенттің орналасқан жерін, жай-күйінің шұғылдығын, медициналық пунктте дәрігерлік кадрлардың, жабдықтардың болмауын, қажетті зерттеп-қарау жүргізу үшін жағдайлардың болмауын назарға ала отырып, пациентке шұғыл түрде медициналық авиацияның мобильдік бригадасы ұшып шықты.

Медициналық авиацияның мобильдік бригадасы қажетті көмек көрсетіп, пациент Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының реанимация бөлімшесіне тұрақты ауыр халде жеткізілді, онда аурухана дәрігерлері пациенттің өміріне қауіпті жай-күйді төмендетті.  Бүгінгі таңда пациент хирургия бөлімшесіне ауыстырылды.

FaLang translation system by Faboba