Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) Алматы қаласындағы өкілдігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының 2014 жылғы 17 ақпандағы №22 бұйрығына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімі негізінде құрылды.
Өкілдіктің орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жас Қанат шағын ауданы, 369/2 үй.
ҰШМҮО-ның Алматы қаласындағы өкілдігі Астана қаласындағы орталықпен қатар медициналық авиацияның екі негізгі республикалық орталығының бірі болып табылады.
Қызметінің негізгі бағыттары:
- пациенттерді тасымалдауды ұйымдастыру;
• мамандардың көшпелі консультацияларын үйлестіру;
• телемедициналық консультациялар форматында қашықтан медициналық қызметтер көрсету;
• консультациялар жүргізу, хирургиялық араласулар жасау, сондай-ақ трансплантация мақсатында ағзалар мен тіндерді алу үшін жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін бейінді мамандарды жеткізу;
• қажетті жабдықтар немесе бейінді мамандар болмаған жағдайда, оның ішінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, мамандардың медициналық ұйымдарға шығуын ұйымдастыру.
Өкілдік Қазақстан Республикасының келесі өңірлеріндегі медициналық авиация жұмысын үйлестіріп, медициналық ұйымдарға қолдау көрсетеді:
• Алматы қаласы;
• Алматы облысы;
• Шымкент қаласы;
• Түркістан облысы;
• Жамбыл облысы;
• Қызылорда облысы;
• Батыс Қазақстан облысы;
• Маңғыстау облысы;
• Атырау облысы;
• қажеттілікке қарай басқа өңірлер.
Шарттық негізде ҰШМҮО-ның Алматы қаласындағы өкілдігі Алматы қаласы мен Алматы облысында орналасқан 20-дан астам қалалық, облыстық және республикалық медициналық ұйымдармен ынтымақтастық орнатып, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.