fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Неонатология департаменті 8 төсектік және жаңа туған нәрестелерге шұғыл, жоспарлы және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, соның ішінде емдеу, күтіп-бағу және оңалту қызметтерін жүзеге асырады.

Департаменттің негізгі бағыттары – жаңа туған нәрестелерге шұғыл көмек көрсету, мамандандырылған күтім мен ем жүргізу, профилактикалық жұмыс, ата-аналарға кеңес беру, сондай-ақ неонатология саласында диагностика, емдеу және оңалтудың заманауи технологияларын енгізу.

Қызметтің негізгі функциялары мен бағыттары:

  • Жаңа туған нәрестелерге туғаннан кейін тікелей шұғыл жағдайларда реанимациялық және жедел медициналық көмек көрсету;
    • Жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде, сондай-ақ күтіп-бағу бөлімшесінде әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайлары бар нәрестелерге мамандандырылған күтім, жағдайын тұрақтандыру және ем жүргізу;
    • Өте төмен және экстремалды төмен дене салмағымен туған шала нәрестелерді күтіп-бағу;
    • Инвазивті және инвазивті емес өкпенің жасанды желдету аппараттарын, инкубаторларды және өмірлік маңызды функцияларды мониторингтеу жүйелерін қоса алғанда, жаңа туған нәрестелерді диагностикалау мен емдеуге арналған заманауи медициналық жабдықтарды қолдану;
    • Профилактикалық іс-шаралар жүргізу, соның ішінде неонаталдық скрининг, вакцинация және тұқым қуалайтын әрі туа біткен ауруларға тексеру;
    • Ата-аналарды жаңа туған нәрестені күту, гигиеналық талаптарды сақтау, сондай-ақ емшек емізуді қолдау және ынталандыру бойынша оқыту және кеңес беру;
    • Жаңа туған нәрестелерді диагностикалау, емдеу және медициналық оңалтудың заманауи технологияларын клиникалық тәжірибеге енгізу;
    • Жаңа туған нәрестелерге және олардың ата-аналарына, соның ішінде телемедицина және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету.