fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Акушерия, гинекология және неонатология орталығы 2026 жылдың наурыз айында бейінді департаменттерді біріктіру арқылы құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты – жүкті әйелдерге және әртүрлі жас санатындағы әйелдерге (ювенильді жасты қоспағанда), сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін акушериялық-гинекологиялық көмекті үйлестіру және жетілдіру.

Орталықтың қызметі ана мен баланың денсаулығын сақтауға, қауіпсіз босандыруды қамтамасыз етуге, мамандандырылған гинекологиялық көмек көрсетуге, жаңа туған нәрестелерді емдеуге және күтіп-баптауға, сондай-ақ акушерия, гинекология және неонатология салаларына заманауи медициналық технологияларды енгізуге бағытталған.

Орталық гинекологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуден бастап жүктілікті жүргізуге, босандыруға және жаңа туған нәрестелерді, оның ішінде шала туған және қарқынды терапияны қажет ететін балаларды мамандандырылған бақылауға дейінгі барлық кезеңдерде медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Орталық құрылымында 28 гинекологиялық, 26 акушериялық және 8 неонатологиялық төсек қоры қарастырылған. Медициналық көмекті қажетті кәсіби даярлығы мен көпжылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар көрсетеді.

Орталықтың құрылымы

Гинекология департаменті

  • гинекологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу;
    • репродуктивтік жүйе ағзалары патологияларын консервативті және хирургиялық емдеу;
    • аз инвазивті лапароскопиялық және гистероскопиялық араласулар жүргізу;
    • бедеулікті диагностикалау және емдеу;
    • әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қалпына келтіру және сақтау.

Акушерия департаменті

  • физиологиялық және асқынған босануларды жүргізу;
    • шұғыл және жоспарлы акушериялық көмек көрсету;
    • жүктілік патологиясы бар әйелдерді бақылау;
    • оперативтік босандыруды жүргізу;
    • босанғаннан кейін ана мен баланың бірге болуын қамтамасыз ету.

Неонатология департаменті

  • жаңа туған нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапиялық көмек көрсету;
    • шала туған нәрестелерді емдеу және күтіп-баптау;
    • неонаталдық скрининг пен профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
    • ата-аналарға нәрестені күту және емшекпен қоректендіру мәселелері бойынша кеңес беру;
    • жаңа туған нәрестелерді диагностикалау, емдеу және оңалтудың заманауи әдістерін енгізу.

Орталықтың заманауи мүмкіндіктері

Орталық халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық жабдықтармен жабдықталған.

Орталық жұмысы дәлелді медицина қағидаттарына, мамандардың пәнаралық өзара іс-қимылына, әрбір пациентке және жаңа туған нәрестеге жеке көзқарасқа, сондай-ақ ана мен баланың барынша жайлы әрі қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз етуге негізделген.