Телемедицина және ҚКМК департаменті медициналық ұйымдардың реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде жатқан ауыр және аса ауыр жағдайдағы пациенттерге, сондай-ақ акушерлік саладағы критикалық жағдайдағы пациенттерге тәулік бойы мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
Негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- критикалық жағдайдағы пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру;
• қауіп-қатерлерді уақытылы анықтау және жедел араласу арқылы летальділік деңгейін төмендету;
• медициналық қызметкерлерге, оның ішінде шалғай және кадрлық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз медициналық ұйымдарға консультативтік және ұйымдастыру-әдістемелік қолдау көрсету.
2025 жылдан бастап ҰШМҮО мамандары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығындағы кезекшіліктерге де тартылып, төтенше жағдайлар туындаған кезде сараптамалық қолдау көрсетіп, жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.