Акушерлік департамент 24 төсектік және қабылдау бөлімін, босану бөлімшесін, жүктілік патологиясы бөлімшесін, ана мен баланың бірге болуына арналған босанғаннан кейінгі бөлімшені, жеке операциялық блокты, сонымен қатар, шала туған нәрестелерді күтіп-бағуға арналған бөлімшесі бар жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапия палаталарын қамтиды.
Акушерліктің негізгі функциялары мен бағыттары:
- Физиологиялық және асқынған босануларды жүргізу;
• Қажет болған жағдайда ауырсынуды басу (анестезия) жүргізу;
• Кесар тілігін операциялық блокта орындау;
• Босанғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайын бақылау.
Босану залы мына жабдықтармен қамтамасыз етілген:
- трансформацияланатын босану төсегі;
• ана мен ұрық жағдайын мониторингтеуге арналған құрылғылар;
• акушерлік манипуляцияларға арналған құралдар жиынтығы;
• шұғыл медициналық жабдық (ана мен жаңа туған нәрестеге реанимациялық көмек көрсету үшін);
• жеке палаталар және душ кабиналары.








